Жаңалықтар

1,5 млрд теңгені жымқырған: волонтер Перизат Қайрат ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратты тергеп жатыр. – Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратты тергеп жатыр.

– Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде, – делінген ақпаратта.

Агенттіктің хабарлаынша, қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылған. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге «Mercedes-Benz S450», 80 млн теңгеге «Lexus LX-600» және 39 млн теңгеге «Haval» автокөліктерін сатып алған.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *