2025 жылы Қазақстанда жануарлардың циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады

Заң 1 қаңтарда күшіне енеді

0 13

Келесі жылы елімізде жануарлардың көшпелі циркте өнер көрсетуіне тыйым салынады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

— Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңнамада жабайы жануарлардың көрмесін, көшпелі зоопарк, көшпелі океанариум және тағы басқа іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салатын норма қарастырылған. Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  Сондықтан мен келесі жылдың 1 қаңтарында осы көшпелі цирктердің, хайуанаттар бағының және тағы басқалардың қызметі тоқтайды деп ойлаймын, – деді Ерлан Нысанбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.