5 сәуірден бастап мопедтер тіркеуге алынады
Енді мопед міну үшін де заң аясында жүру керек. 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдары ретінде тіркелуі тиіс. Яғни, оларға нөмір алып, сақтандыру рәсімдеп, «А» немесе «А1» санатындағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.
⠀
Тіркеу арнайы ХҚКО арқылы жүргізіледі. Тіркелмеген мопедті жүргізу — заң бұзушылық болып есептеледі.
⠀
Бұл өзгеріс әлеуметтік желіде қызу талқылануда: біреулер “тәртіп керек” десе, басқалар “бюрократия көбейді” деп шағымдануда.