Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бортта барлығы 67 адам болған

0 12

Ақтауда ұшақ апаты дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп жазылған көліктегі полиция департаменті.

Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің, көліктегі полиция департаментінің және Бас көлік прокуратурасының басшылығы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы шұғыл аттанды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін ұшақ апатынан 28 адам аман қалғаны хабарланған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.