Тоқаев 8 наурыз мерекесінде қазақстандық әйелдердің еңбегін жоғары бағалады
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапатталғандар қатарында:
- 4 еңбек ардагері;
- 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
- 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
- 6 кәсіпорын басшысы;
- 3 қоғамдық ұйым өкілі;
- 7 мемлекеттік қызметкер;
- 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер.
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі “Айбын” орденімен
- Жұлдыз Рахымқызы Айтмағамбетова – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы;
- Айман Рахмеджанқызы Ахметова – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі;
- Анаргүл Аманжолқызы Әбуева – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы;
- Құралай Темірболатқызы Канкина – Бас Прокурордың аға көмекшісі;
- Балжан Төлеужанқызы Мұсатаева – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі.
“Парасат” орденімен
- Қарақат Түлкібайқызы Әбілдина – “Қарақат” мектеп-студиясының бас директоры;
- Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай – Парламент Сенатының депутаты;
- Айгүл Сайфоллақызы Құспан – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Гүлдана Рахымбекқызы Ноғайбаева – Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі-әртісі.
“Құрмет” орденімен марапатталғандар:
- Раиса Леонидовна Абиева – “Абиев А.А.” ШҚ басшысы;
- Раиса Мұхамедиқызы Ағыбаева – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы;
- Шолпан Сашкенқызы Айтбаева – еңбек ардагері;
- Тілеукүл Шайымқызы Әбдірайымова – “Қазсушар” Жамбыл филиалының инженері;
- Күлпаш Қайроллақызы Әбенова – “Ұлттық аккредиттеу орталығы” жұмысқа тартылатын бағалаушысы;
- Әділет Срадинқызы Әзімқұлова – еңбек ардагері;
- Роза Римовна Гияги – “Қазақстан темір жолы” диспетчері;
- Сәуле Әбутәліпқызы Егізбаева – IT мектеп-лицейінің мұғалімі;
- Қаракөз Темірбекқызы Елеуова – еңбек ардагері;
- Людмила Дмитриевна Земляная – “Жер су” ЖШС директоры.
III дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденімен
- Баянгүл Қожабергенқызы Қамбарова – “Қазақмыс” корпорациясы” ЖШС филиалының электрмен дәнекерлеушісі;
- Анар Серікбайқызы Мадимарова – “Тараз металлургиялық зауыты” шикіқұрамшысы;
- Зинагүл Әбенқызы Нұрғалиева – “Altyntau Kokshetau” шикіқұрамшысы.
“Ерен еңбегі үшін” медалімен
- Бибігүл Төлегенқызы Арпабаева – “Өскемен ЖЭО” отын-көлік цехының аға жүк қабылдап-тапсырушысы;
- Надежда Николайқызы Әбелдинова – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицері;
- Қарлығаш Тастанбекқызы Бәкірова – “№ 13 қалалық емхана” дәрігері.
“Шапағат” медалімен
- Динара Төлегенқызы Әлімбаева – “Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” аға мейіргері;
- Мәдина Дәулетханқызы Әуренова – “DEMEY” оңалту және түзету орталығы” төрағасы;
- Светлана Станиславовна Васина – “Moon-Ай” музыкалық дуэтінің қатысушысы.
Құрметті атақтар:
- “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” – Бақытжан Омарғалиқызы Аханова;
- “Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері” – Талшын Мұқадесқызы Үкібасова;
- “Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы” – Ольга Николаевна Шелудько;
- “Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері” – Майра Жұратбекқызы Ерманова.
Марапатталған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет олардың еңбегінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.