Тоқаев 8 наурыз мерекесінде қазақстандық әйелдердің еңбегін жоғары бағалады

0 160

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапатталғандар қатарында:

  • 4 еңбек ардагері;
  • 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
  • 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
  • 6 кәсіпорын басшысы;
  • 3 қоғамдық ұйым өкілі;
  • 7 мемлекеттік қызметкер;
  • 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер.

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі “Айбын” орденімен

  • Жұлдыз Рахымқызы Айтмағамбетова – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы;
  • Айман Рахмеджанқызы Ахметова – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі;
  • Анаргүл Аманжолқызы Әбуева – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы;
  • Құралай Темірболатқызы Канкина – Бас Прокурордың аға көмекшісі;
  • Балжан Төлеужанқызы Мұсатаева – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі.

“Парасат” орденімен

  • Қарақат Түлкібайқызы Әбілдина – “Қарақат” мектеп-студиясының бас директоры;
  • Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай – Парламент Сенатының депутаты;
  • Айгүл Сайфоллақызы Құспан – Парламент Мәжілісінің депутаты;
  • Гүлдана Рахымбекқызы Ноғайбаева – Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі-әртісі.

“Құрмет” орденімен марапатталғандар:

  • Раиса Леонидовна Абиева – “Абиев А.А.” ШҚ басшысы;
  • Раиса Мұхамедиқызы Ағыбаева – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы;
  • Шолпан Сашкенқызы Айтбаева – еңбек ардагері;
  • Тілеукүл Шайымқызы Әбдірайымова – “Қазсушар” Жамбыл филиалының инженері;
  • Күлпаш Қайроллақызы Әбенова – “Ұлттық аккредиттеу орталығы” жұмысқа тартылатын бағалаушысы;
  • Әділет Срадинқызы Әзімқұлова – еңбек ардагері;
  • Роза Римовна Гияги – “Қазақстан темір жолы” диспетчері;
  • Сәуле Әбутәліпқызы Егізбаева – IT мектеп-лицейінің мұғалімі;
  • Қаракөз Темірбекқызы Елеуова – еңбек ардагері;
  • Людмила Дмитриевна Земляная – “Жер су” ЖШС директоры.

III дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденімен

  • Баянгүл Қожабергенқызы Қамбарова – “Қазақмыс” корпорациясы” ЖШС филиалының электрмен дәнекерлеушісі;
  • Анар Серікбайқызы Мадимарова – “Тараз металлургиялық зауыты” шикіқұрамшысы;
  • Зинагүл Әбенқызы Нұрғалиева – “Altyntau Kokshetau” шикіқұрамшысы.

“Ерен еңбегі үшін” медалімен

  • Бибігүл Төлегенқызы Арпабаева – “Өскемен ЖЭО” отын-көлік цехының аға жүк қабылдап-тапсырушысы;
  • Надежда Николайқызы Әбелдинова – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицері;
  • Қарлығаш Тастанбекқызы Бәкірова – “№ 13 қалалық емхана” дәрігері.

“Шапағат” медалімен

  • Динара Төлегенқызы Әлімбаева – “Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” аға мейіргері;
  • Мәдина Дәулетханқызы Әуренова – “DEMEY” оңалту және түзету орталығы” төрағасы;
  • Светлана Станиславовна Васина – “Moon-Ай” музыкалық дуэтінің қатысушысы.

Құрметті атақтар:

  • “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” – Бақытжан Омарғалиқызы Аханова;
  • “Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері” – Талшын Мұқадесқызы Үкібасова;
  • “Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы” – Ольга Николаевна Шелудько;
  • “Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері” – Майра Жұратбекқызы Ерманова.

Марапатталған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет олардың еңбегінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.