Ұлыбританияда ерекше жұмыртқа 220 мың теңгеге сатылды
Ұлыбританиядағы фермада сирек кездесетін жұмыртқа табылып, рекордтық 420 фунт стерлингке (220 мың теңгеден астам) сатылды
Ферма қызметкері Эли Грин бұл ерекше жұмыртқаны байқап қалған. Оның айтуынша, жұмыртқа әдеттегідей емес, өзгеше домалаған. Себебі оның пішіні ерекше – ол дөңгелек болған.
“Мұндай жұмыртқа ешкімде жоқ. Тіпті Илон Маскта да дөңгелек жұмыртқа жоқ, солай емес пе?” – деп әзілдеді Грин BBC News-ке берген сұхбатында.
Бұған дейін де мұндай жұмыртқалар аукционға қойылғанымен, бағасы 220 фунттан аспаған. Бұл жолы баға екі есеге өсті.
Түскен қаражаттың барлығы жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін Devon Rape Crisis қайырымдылық ұйымына аударылды. Эли Грин бұған дейін сол ұйымның еріктісі болған.