Құрылтайға кандидаттар қатарында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек те бар

0 8

«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін бекітті. Тізімге еліміздің әр өңірінен 186 кандидат енгізілді. Олардың қатарында белгілі саясаткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен сарапшылар бар.
Ұсынылған кандидаттардың арасында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек те бар. Ол өңір әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылы тағайындалған. Бұған дейін мемлекеттік басқару жүйесінде түрлі лауазымдарда еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстарға жауап беріп келеді.
Партиялық тізімде бұдан өзге де қоғамға кеңінен танымал тұлғалар бар. Атап айтқанда, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, бұрынғы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, Мәжіліс депутаты болған Айдос Сарым, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, саясаттанушы Марат Шибутов, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, кәсіпкерлер Андрей Лаврентьев пен Вадим Басин, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров та ұсынылған.
Еске салайық, «Әділет» партиясы жақында құрылған жаңа саяси ұйым. Партия төрағасы болып бұрынғы Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай сайланған. Құрылтай барысында партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, депутаттыққа кандидаттардың толық тізімі бекітілді.
Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша партия иеленетін мандаттар саны сайлаушылардың дауыс беру нәтижесіне сәйкес анықталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.