Астанадағы LRT құрылысында 700 қазақстандық жұмыс істеп жатыр
Астанадағы LRT құрылысында 1900 жұмысшы еңбек етуде, соның ішінде 700-і – қазақстандықтар
«Қазақстандық жұмысшылар негізінен жүк көліктерін, крандарды басқарумен, жобалау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, олар бірқатар арнайы құрылыс жұмыстарына да тартылған», – деді ол.
Әбілхатынның айтуынша, биыл қазақстандық жұмысшылардың саны артуы мүмкін, себебі жақында рельс төсеу жұмыстары басталды.