Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жамбыл облысында сегіз жасар қызға қатысты аса ауыр қылмыс жасаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sert-inform.kz.
Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында қаралды.деп хабарлайды КТК.
Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға Сарысу ауданында болған. Кәмелетке толмаған қызға қатысты жасалған қылмыс туралы құқық қорғау органдарына оның анасы хабарлаған. Сараптама қорытындысы бойынша, қылмысты жәбірленушінің туысы жасағаны анықталған.
Сот мәліметінше, сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
«ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп мәлімдеді Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.