Қазақстан — Канада: Билли Джин Кинг кубогының матчтарына қатысатын теннисшілер белгілі болды
Теннисшілер командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласады.
Қазақстан құрамасы сапында кортқа шығатын спортшылар:
- Анна Данилина (жұптық сында WTA рейтингінде №6);
- Юлия Путинцева (№76 WTA);
- Жібек Құламбаева (жұптық сында №178 WTA);
- Аружан Сағандықова (№871 WTA);
- Соня Жиенбаева (№1018 WTA).
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы кездесуге қатыспайды. Мұндай шешім Қазақстан теннис федерациясы мен спортшының жаттықтырушылар штабының келісімімен қабылданды. Биыл Елена үшін басты мақсат — әлемдік рейтингте көшбасшылық үшін күресу.
Канада құрамасының тізімі:
- Виктория Мбоко (№10 WTA);
- Габриэла Дабровски (жұптық сында №2 WTA);
- Марина Стакусич (№130 WTA);
- Бьянка Андрееску (№165 WTA, жұптық сында №160);
- Кайла Кросс (№194 WTA, жұптық сында №131).
Бұл кездесудің жеңімпазы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.