Меркідегі дәмхана өртіне қатысты дауға нүкте қойылды

0 6

Меркідегі дәмхана өртіне қатысты дауға нүкте қойылды: апелляциялық сот кәсіпкерді ақтады
2024 жылдың 6 тамызында кешкі сағат 18:00 шамасында Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан «Наурыз» кафесі мен «7 Qazan» дәмханасының аралығында өрт шығып, екі кәсіпкер арасында дау туындаған болатын.
Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, «Наурыз» кафесінің иесі Алия Аубакироваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Кәсіпкер осы уақыт аралығында өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, өрттің шығуына қатысы жоқ екенін мәлімдеп келді. Сонымен қатар, ол біздің ақпараттық агенттікке жүгініп, істің барлық мән-жайын жан-жақты көрсетіп, оқырманға шынайы ақпарат жеткізуді сұраған еді.
Іс бірнеше ай бойы сотта қаралып, 2025 жылғы 27 қарашада Меркі аудандық сотының үкімі шыққан. Алайда бұл шешімге апелляциялық шағым түсірілген.
2026 жылғы 19 маусымда Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімінің күшін жойды.
Апелляциялық соттың үкіміне сәйкес:
Алия Аубакирова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәсіз деп танылып, оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты ақталды.
Сондай-ақ сот оған қатысты қолданылған «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» бұлтартпау шарасының күшін жою туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, екі кәсіпкер арасындағы дау 2024 жылғы өрттен кейін басталып, екі жылға жуық уақытқа созылды. Апелляциялық соттың соңғы шешімімен кәсіпкердің кінәсіз екені танылды.
Сот құжаты: Жамбыл облыстық сотының 2026 жылғы 19 маусымдағы №3199-26-00-1а/458 апелляциялық үкімі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ALASH SERT-тен таймасын! (@sert_inform.kz)

Leave A Reply

Your email address will not be published.