Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Мемлекет басшысы БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур әл-Мансуримен кездесті. Президент берік достық байланысқа, өзара сенімге, стратегиялық серіктестікке негізделген Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас ерекше сипатқа ие екенін атап өтті. Сонымен қатар БАӘ Қазақстанның ірі шетелдік инвесторларының ондығына кіретінін айтты.
Дереккөз: Aqorda

Пікірлер