Бүгін, 2 қазанда таңертең Жамбыл облысында "Жұма – Тамды" аралығында оқыс оқиға орын алды. Жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 бас қойды жапырып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz. Аталған факті бойынша мал иесі, Тараз қаласының 66 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік полицейлері мал иелерін теміржолға жақын аумақта жануарларды бақылаусыз жаюға жол бермеуге және белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Дереккөз: Zakon

Пікірлер