Kazinform оқырман назарына 7 қазанға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады. Халықаралық лайықты еңбек әрекеттері күні 2008 жылдан бастап Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының бастамасымен және Халықаралық еңбек ұйымының белсенді қолдауымен жыл сайын атап өтіледі. Бұл күннің басты міндеті — әлемдегі барлық кәсіподақтарды лайықты еңбекті қорғау үшін бір күнде жұмылдыру. Жыл сайын 7 қазанда бүкіл әлем бойынша лайықты еңбек құқығын қолдауға бағытталған көптеген шаралар өтеді.
Дереккөз: Inform

Пікірлер