Әлем чемпионы Артем Антропов жаңа рекорд орнатты

0 91

Талдықорғанда өтіп жатқан ауыр атлетика чемпионатында 110 келі салмақтағы тартыс соңғы сәтке дейін қыза түсті.

? Қарағанды облысының спортшысы, әлем чемпионы Артем Антропов серпе көтеру мен қоссайыс нәтижесінде бірден екі рекорд жаңартып, қарсыластарынан айқын басым түсті.

? Нәтиже:
Артем Антропов — 405 келі (175+230)

? Матвей Макрушин — 350 келі
? Темірлан Окашев — 347 келі

Айта кетерлігі, қола жүлде мен 4-орын арасындағы айырмашылық небәрі 1 келі болды.

? Артем жарыстан кейін:
«Өз нәтижеме 4 деген баға беремін. Бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге болады. 110 келі салмаққа біртіндеп бейімделіп келемін. Азия ойындарына дейін дайындықты күшейтемін», — деді.

? Өткен жылмен салыстырғанда Антропов нәтижесін 25 келіге жақсартқан.
2025 жылы ол 380 келі көтерсе, биыл 405 келімен жаңа межені бағындырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.