Әділбек Мусин тағы рекорд жаңартты — 50 метрде жаңа межені бағындырды

0 47

Қазақстандық үздік жүзуші Әділбек Мусин ел чемпионатында тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді.

Қазір Талдықорғанда өтіп жатқан ҚР чемпионатында Мусин баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықты 23,36 секундта жүзіп өтті. Бұл — жаңа Қазақстан рекорды. Бұған дейінгі рекорд та оның еншісінде еді — 23,40 секунд.

Сондай-ақ Әділбек 50 және 100 метр қашықтықтарда баттерфляй әдісімен екі алтын медаль жеңіп алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.