Әлемге күш емес, әділет керек.

0 8

Әсел Әбілханқызы
Тараз қалалық мәслихатының депутаты

 

АҚШ президенті Дональд Трамптың Кубаға қатысты мәлімдемесі — жай ғана саяси пікір емес, бұл ашық түрде басқа мемлекеттің тағдырына сырттан үкім айту.
«Жаулап аламын», «қалағанымды істей аламын» деген сөздер XXI ғасырда айтылуы — халықаралық құқыққа, тәуелсіздік ұғымына деген құрметтің қаншалықты төмендегенін көрсетеді. Бұл риторика отаршылдық дәуірдің ескі көлеңкесін еске салады.
Куба бүгінде экономикалық және энергетикалық қиындықтарды бастан өткеріп жатыр. Бірақ бұл — оны «әлсіз», «іске аспаған мемлекет» деп кемсітуге себеп емес. Керісінше, кез келген дағдарыс — қолдау мен серіктестікті талап етеді, үстемдік пен қысымды емес.
Әлемде күш көрсету емес, диалог үстем болуы керек. Әйтпесе, «Әлемде өзге елдерге күш көрсетіп, әскери араласу жасауда АҚШ-тың алдыңғы қатарда тұрғаны жасырын емес.
Ирак, Ауғанстан, Ливия… Бұл тек тізімнің басы ғана. «Демократия әкелу» ұранымен басталған әрекеттердің арты көбіне күйреу, тұрақсыздық және мыңдаған тағдырлардың талқандалуымен аяқталды.

Бір елдің өз құндылықтарын басқаға күштеп таңуы — өркениет емес, бұл жаңа форматтағы үстемдік. Қазіргі заманда «жаулап алу» танкпен ғана емес, саяси қысым, экономикалық тәуелділік, ақпараттық ықпал арқылы да жүреді.
Сондықтан сұрақ туындайды: бұл шынымен қауіпсіздік үшін күрес пе, әлде ықпал аймағын кеңейту ме?

жаулап алу» туралы сөздер тұрақсыздықты ғана күшейтеді.

Бүгін Куба. Ертең кім?

Leave A Reply

Your email address will not be published.