Америкадан депортация: Қазақстан азаматтары Нью-Йорктен шығарылды

0 81

АҚШ заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарын депортациялады
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан шыққан азаматтар АҚШ аумағынан шығарылып, чартерлік рейспен Ташкентке жеткізілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy немістің DW басылымына сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің дерегінше, 131 адамнан тұратын мигранттар тобы 30 сәуірге жоспарланған арнайы рейспен Нью-Йорктен шығарылды. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары да бар.

Мигранттардың АҚШ-та визалық тәртіпті бұзғаны немесе болу мерзімін асырып жібергені анықталған. Сол себепті депортация шарасы қолға алынды.

Өзбекстан тарапы чартерлік рейстің барлық шығынын өз мойнына алғанын мәлімдеді. Елдің Сыртқы істер министрлігі бұл қадамның алдын ала жоспарланғанын растады.

Қазақстан тарапы бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.