АҚШ елшілігі қазақстандықтарға виза талаптарын сақтау жөнінде ескерту жасады

0 3

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Instagram парақшасында қазақстандық азаматтарға, әсіресе қазір АҚШ-та жүргендерге, виза талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Елшілік мәліметінше, I-94 картасында көрсетілген мерзімнен артық қалу виза күшін жоюға, мәжбүрлі елден шығару шараларына және болашақта виза алу мүмкіндігін жоғалтуға әкелуі мүмкін.

«Виза талаптарын және АҚШ аумағында болу мерзімін сақтаңыз. Мерзімнен артық жүру – АҚШ-та саяхаттау, оқу және жұмыс істеу мүмкіндігінен біржола айырады», – делінген хабарламада.

Дипломатиялық өкілдік азаматтарды елдегі көші-қон ережелерін бұзбауға және белгіленген уақыт аяқталғанға дейін елден шығуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.