Арнайы операциялар күштерінің сарбазы Азияда топ жарды

0 113
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үндістан астанасы – Делиде өткен армрестлингтен Азия чемпионатында Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі Сандуғаш Сейдіш алтын жүлдені жеңіп алды

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол қырғызстандық спортшы Молмол Акимқожоқызын айқын басымдықпен ұтып, құрлық чемпионы атанды.

Сандуғаш өз жеңісіне қарқынды дайындық пен көтеріңкі көңіл күй себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ, Арнайы операциялар күштері қолбасшылығына көрсеткен қолдауы үшін ерекше алғыс білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.