Астанадағы LRT құрылысында 700 қазақстандық жұмыс істеп жатыр

0 12
Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерболат Әбілхатын Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты

Астанадағы LRT құрылысында 1900 жұмысшы еңбек етуде, соның ішінде 700-і – қазақстандықтар

«Қазақстандық жұмысшылар негізінен жүк көліктерін, крандарды басқарумен, жобалау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, олар бірқатар арнайы құрылыс жұмыстарына да тартылған», – деді ол.

Әбілхатынның айтуынша, биыл қазақстандық жұмысшылардың саны артуы мүмкін, себебі жақында рельс төсеу жұмыстары басталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.