ChatGPT әзірлеушісі OpenAI Қазақстанда салық төлейтін болды

0 58

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, әлемге танымал ChatGPT жүйесін жасаған америкалық OpenAI, L.L.C. компаниясы 2025 жылғы мамырдан бастап Қазақстанда шартты түрде қосымша құн салығының (ҚҚС) төлеушісі ретінде тіркелді.

Мемлекеттік кірістер департаменті бұл шешім цифрлық экономиканы реттеу және әділ салық жүйесін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атап өтті. Комитеттің мәлімдеуінше, «Цифрлық экономиканың ашықтығы мен салықтық әділеттілікті қамтамасыз ету аясында жаһандық платформалармен тиімді өзара іс-қимылды орнату маңызды міндеттердің бірі болып отыр».

Еске сала кетейік, ChatGPT — 2022 жылы іске қосылған, GPT-4o сынды ірі тілдік модельдерге негізделген жасанды интеллектке негізделген чатбот. Бұл жүйе пайдаланушылармен табиғи тілде сөйлесуге, әртүрлі форматта жауап беруге, мазмұнды нақтылап, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.