Дзюдошыға тағы да қымбат көлік сыйлады

0 52

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Әбиба Әбужақанова ерекше қуанышқа кенелді. Ол – ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық жарыстан оралған «Jenys» клубының мүшесі. Клуб өз тәрбиеленушісінің жетістігін жоғары бағалап, оған су жаңа көлік сыйлады!

Жүлде иесі өзінің қуанышын жасыра алмай, әлеуметтік желіде:

«Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және «Jenys» клубыма ризашылығымды білдіремін», – деп жазды.

Айта кетейік, «Jenys» клубы бұған дейін де спортшыларды ынталандырып, жоғары деңгейдегі қолдау көрсетіп келеді. Бұл – тек спорттық жетістік қана емес, сонымен қатар табандылық пен еңбектің еленуі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.