Эльмира Сыздықова Варшавада өткен халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды

0 38

Польша астанасы Варшавада өткен әйелдер күресінен халықаралық турнирде қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыздықова жартылай финалда италиялық Энрика Ринальдиді жеңіп, финалға жолдама алған. Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартуға мәжбүр болды. Осылайша, Эльмира турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ, қазақстандық тағы бір балуан Зүлфия Яхиярова 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені иеленіп, ел қоржынына тағы бір медаль салды.

Бұл көрсеткіштер – қазақстандық балуандардың жоғары дайындық деңгейін көрсететін айқын дәлел.

Leave A Reply

Your email address will not be published.