Газа секторынан алты қазақстандық қауіпсіз елге жеткізілді

0 11

Қазақстанның алты азаматы Газа секторындағы қақтығыс аймағынан эвакуацияланып, елге оралды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, гуманитарлық жағдайдың қиындауына байланысты қазақстандық дипломаттар Иордания мен Израиль билігі, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп эвакуация операциясын жүргізген.

Қазақстан азаматтары шекаралық өткізу пункттері арқылы өтіп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді. Сол жерден олар отанына оралды.

«Бұл операция Иордания билігімен тиімді өзара іс-қимылдың арқасында мүмкін болды. Шетелдегі отандастарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – Сыртқы істер министрлігінің басты басымдықтарының бірі», – делінген СІМ хабарламасында.

Қазақстанның Амман және Тель-Авивтегі елшіліктері өңірдегі жағдайды бақылауда ұстап, Газа секторы мен Палестина аумағындағы барлық қазақстандықтармен тұрақты байланыс орнатқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.