Халықаралық информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар төрт медаль иеленді
Қазақстандық оқушылар Боливияда өткен халықаралық информатика олимпиадасында (IOI-2025) жоғары нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы олимпиада Боливияның Сукре қаласында өтті. Екі турдан тұрған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері үш күміс және бір қола медальға қол жеткізді:
-
Максим Цой – 11-сынып, Республикалық физика-математика мектебі (Алматы) – күміс медаль
-
Мансур Мамадахунов – 10-сынып, БИЛ (Қызылорда облысы) – күміс медаль
-
Әкежан Асқар – 11-сынып, НЗМ (Семей) – күміс медаль
-
Дәужан Бекетов – 9-сынып, №165 мамандандырылған лицей (Алматы) – қола медаль
Құрамаға Astana IT University-дің аға жаттықтырушысы Темірлан Қайырұлы Сатылханов пен IITU бағдарламалау жаттықтырушысы Айбар Мұратұлы Қуанышбай жетекшілік етті.
Оқушылардың олимпиадаға дайындығын республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы үйлестірген.
Бұл жетістік – еліміздегі ІТ-білім беру сапасының артқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.