Көлік министрлігі: Халықаралық өткізу бекеттерінің құрылысы 2027 жылы аяқталады

0 2
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 3 наурызда Үкімет отырысында халықаралық өткізу бекеттерінің құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Оның сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

«Халықаралық өткізу бекеттерінің құрылысы 2027 жылы толық аяқталады», – деді Сауранбаев.

Жалпы автожол желісін дамыту мәселесіне тоқталған министр бұл үшін ілеспе инфрақұрылымды дамыту қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда:

  • мультимодальды логистикалық хабтар мен заманауи өткізу бекеттерін салу;
  • жаңа форматтағы жол бойы сервистерін дамыту;
  • цифрлық шешімдерді енгізу.

Бұған дейін Қазақстанда 2029 жылға дейін 10 мың км автожолды жөндеу жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.