Саясат

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті

— Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты д

Сурет: Aqorda

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің жаһандық экожүйесін қалыптастыруда NVIDIA компаниясының рөлі айрықша екенін айтты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні Қазақстан экономикасының басым салаларында қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы мен NVIDIA компаниясының вице-президенті өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасқанына назар аударды.

Дереккөз: Aqorda

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *