Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

0 3
2026 жылғы 21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесі жөніндегі құттықтау сөзін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз. Осыдан екі жыл бұрын елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бастау алды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады. Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды.»Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің пікірінше, қазір Қазақстанда түбегейлі өзгерістер кезеңі басталды. Ол бұл жағдайды баршамыз жақсы білетінімізді атап өтті. Бәріміз бір ел болып Конституциялық реформаны табысты жүзеге асырдық. Бұл реформаның тарихи мән-мағынасы ерекше, ал оның ел дамуына тигізетін ықпалы аса күшті боларына күмән жоқ.

Жаңа Конституция, президенттің пікірінше, ең алдымен өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды. Яғни, бұл жастарға арналған құжат деп айтуға болады. Елімізге шын мәнінде жанашыр, Отанын сүйетін ұрпақ қана Қазақстанның көркеюіне мол үлес қоса алады. Ел болашағы – патриоттық сезімі бар, жасампаз және жауапкершілігі мол жастардың қолында.

Президент атап өткендей, біз қандай да кедергі мен қиындыққа қарамай, елімізді өркениет жолына шығаруымыз керек. Халқымыздың тарихи тағдыры – өзіміздің қолымызда.

Президенттің пікірінше, Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Елдің дамуы мен өрлеуі бізден басқа ешкімге қажет емес. Сондықтан қазіргі ұрпақ Отанымыздың баянды болашағы үшін барлық жағдайды жасауға міндетті.

Бәріміз біртұтас ұлт болып, бір ел ретінде осы ұлы тарихи жолда міндетті түрде жеңіске жетуіміз қажет. Президенттің пікірінше, бұл – біздің ең басты міндетіміз, біздің миссиямыз.

Ұлыстың ұлы күні Жер Ана да, еліміз де жаңарып жатқан осы тарихи сәтте айтылған тілектің мән-мағынасы айрықша деп ойлаймын. Сондықтан ең бастысы елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін. Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын! Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін! Туымыз биікте желбіресін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміздің төрт құбыласы түгел болсын!»Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 21 наурызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Президент ең алдымен Хожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.