KAZINFORM — Өңірде жыл басынан бері тұрмыстық және құрылыс қалдықтары төгілген жүзден астам заңсыз қоқыс орны анықталған. Заң бұзушылар жалпы сомасы 4,8 млн теңге көлемінде айыппұл арқалаған. Экологтер заңсыз қоқыс үйінділерін рейдтік шаралармен қатар ғарыштық мониторинг арқылы да анықтайды. Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықовтың айтуынша, мұндай орындардың пайда болуына көбіне қалдықтарды арнайы полигонға жеткізбей, белгіленбеген жерге төгетін жеке кәсіпкерлер себеп болады.
Дереккөз: Inform

Пікірлер