Елімізде

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығында ұйымдастырылған этноауылда Наурыз мейрамын елмен бірге қарсы алды. Мемлекет басшысы жиналған көпшілікті көктемнің ұлы мерекесімен…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығында ұйымдастырылған этноауылда Наурыз мейрамын елмен бірге қарсы алды. Мемлекет басшысы жиналған көпшілікті көктемнің ұлы мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді

– Ұлыстың ұлы күні – халқымыздың ғасырлар бойы тойлап келе жатқан ұлық мерекесі. Бұл – табиғат пен тіршіліктің жаңаруын айшықтайтын, ырыс пен ынтымақты дәріптейтін күн. Көктеммен бірге өмірге жаңа леп, жылулық пен мейірім келеді. Осы шуақты мерекеде адамдар бір-біріне ақ тілек арнап, реніштерін ұмытып, мейірімділік пен қайырымдылық танытады. Қазақ елі әз-Наурызды әрдайым кең дастархан жайып, жақындарына қуаныш сыйлай отырып қарсы алған. Биылғы Наурыз қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр, бұл да халқымыз үшін ерекше мәнге ие. Өйткені дін мен дәстүр – егіз ұғым. Екеуі де ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Наурыз – бірлік пен жаңарудың, татулық пен ырыстың мерекесі. Бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде игі шаралар ұйымдастырылып, халқымыздың бай мұрасы дәріптеледі. Наурыз мейрамы құтты болсын!

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *