Қасым-Жомарт Тоқаев 3–4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шариф және Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөздер өткізеді.
Кездесулер барысында тараптар екіжақты саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан–Пәкістан бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.