Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президентіне ұлттық мерекемен құттықтау жолдады

0 34

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Никушор Данды елдің ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құттықтау жеделхатында Қазақстан Президенті екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың тұрақты түрде кеңейіп келе жатқанын айтты. Тоқаев Қазақстан мен Румыния арасындағы көпқырлы серіктестіктің екі халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірді.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Никушор Данға жауапты қызметінде табыс, ал румын халқына тыныштық пен бақ-береке тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.