Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

0 26

18 тамызда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2021–2024 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,3%-ға өсіп, 8,3 трлн теңгеге жеткен. 2025 жылдың алғашқы жартысында өсім тағы 3,7%-ды құрап отыр.

Өсімдік шаруашылығында:

  • егіс көлемі – 23,6 млн га (+322,8 мың га);

  • майлы дақылдар – 4 млн га (+1,05 млн га);

  • картоп – 131,2 мың га (+9,3 мың га).

Мал шаруашылығында:

  • ІҚМ – 8,8 млн бас (+8,3%);

  • қой-ешкі – 21,5 млн бас (+0,8%);

  • жылқы – 4,6 млн бас (+4,7%);

  • құс – 47,7 млн бас (+2,7%).

Өндіріс көлемі:

  • ет – 529,9 мың тонна (+1,5%);

  • құс еті – 187,7 мың тонна (+4,9%);

  • сүт – 1,8 млн тонна (+7%);

  • жұмыртқа – 2,2 млрд дана (+0,9%).

Қазіргі таңда Қазақстан өзін негізгі азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, жұмыртқа, ұн, көкөніс) 80–100% қамтамасыз етіп отыр. Дегенмен құс еті, шұжық, ірімшік, қант және балық бойынша импортқа тәуелділік сақталуда.

Импортты азайту шаралары:

  • 2022–2024 жылдары қуаты 144 мың тонна болатын 17 құс фабрикасы іске қосылды, 2028 жылға дейін тағы 41 фабрика ашылады;

  • сүт фермалары саны 2019 жылғы 19-дан қазіргі 69-ға жетті, тағы 47-сі салынуда.

Баға тұрақтылығы:
Сауда және интеграция министрлігінің дерегінше, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсу қарқыны бәсеңдеді: сәуірде – 1,6%, шілдеде – 0,4%, тамыздың алғашқы екі аптасында – небәрі 0,1%. Қазақстан ЕАЭО елдері ішінде күнбағыс майы, қарақұмық, күріш, ұн, көкөніс сияқты 15 өнім бойынша ең төмен бағамен ерекшеленеді.

Сонымен қатар министрлік заңнамаға өзгерістер әзірлеуде: жеткізілімдер үшін төлемді кейінге қалдыру мерзімін 30 күнмен шектеу, отандық өнімдердің сөрелерге еркін қолжетімділігін қоғамдық бақылау арқылы қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазақстан 2028 жылға дейін негізгі азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

Отырыс қорытындысында Үкімет қазақстандық өнімдерді қолжетімді бағамен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдету жөнінде тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.