Қазақстан оқушылары халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапат алды
14–17 мамыр күндері Польша астанасы Варшавада мектеп оқушылары арасындағы Халықаралық философия олимпиадасы өтті.
🌍 Биыл білім додасына әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысқан.
Қазақстан құрамасының мүшелері — Қарағандыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Евгения Шатохина мен «Алматы-Медеу» Зияткерлік мектебінің оқушысы Сәкен Заңғар халықаралық қазылар алқасының құрмет грамотасына ие болды.
👏 Ең бастысы — қазақстандық оқушылар бұл олимпиада тарихында алғаш рет марапат алып отыр.
Бұл жетістік еліміздегі жас буынның философиялық ойлау деңгейі мен зияткерлік әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.