Қазақстанда АЭС қауіпсіздігіне кім жауапты?
Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органдар анықталды. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі ресми мәлімдеме жасады.
🔹 Басты бақылаушы орган — Атом энергиясы агенттігі
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікке тікелей жауапты орган — Атомдық қадағалау және бақылау комитеті. Ол:
-
АЭС-тің пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын;
-
Лицензиялау және инспекциялық бақылау жұмыстарын;
-
Қауіпсіздік стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
🔹 Экология министрлігі – қоршаған ортаға бақылаушы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі:
-
Экологиялық нормативтердің сақталуын;
-
АЭС-тің шығарындылары мен қалдықтарын басқару процесін;
-
Қоршаған ортаға радиациялық әсер деңгейін бақылайды.
🔹 Басқа да қатысушы органдар
АЭС қауіпсіздігіне жанама түрде мына мекемелер де қатысады:
-
Өнеркәсіптік қауіпсіздік,
-
Су ресурстарын қорғау,
-
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау,
-
Төтенше жағдайлар бойынша қызметтер,
және басқа да бейінді мемлекеттік құрылымдар өз құзыреті шеңберінде тартылатын болады.
🔹 Халықаралық бақылау – МАГАТЭ
Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелер аясында МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) ядролық қауіпсіздік стандарттарының сақталуына бақылау жүргізеді.