Қазақстандық оқушылар шахматтан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

0 8

АҚШ-тың Александрия қаласында өткен 2025 жылғы ФИДЕ мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның Ұлттық физика-математика мектебі екінші орын алып, күміс медальға ие болды.

Chess.com порталының мәліметінше, жарыстың жеңімпазы – Үндістанның Velammal MHS мектебі, ал үшінші орын АҚШ-тың Harker мектебіне бұйырды. Оларды Қазақстанның тағы бір өкілі – Республикалық физика-математика мектебінің «Астана-2» командасы аз ғана ұпаймен кейін қалдырды.

Чемпионат 3–6 тамыз аралығында Вирджиния штатындағы Епископальды орта мектепте өтті. Жарыс сегіз турдан тұрып, швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылды.

Турнир аясында 4–5 тамыз күндері Smart Moves Summit халықаралық конференциясы өтті. Ол білім берудегі шахматтың рөліне арналды және онда 50-ден астам ғалым, зерттеуші және ұстаз баяндама жасады.

Биылғы мектеп чемпионатына 48 елден 286 ойыншы қатысып, барлығы 55 команда бақ сынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.