ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады

0 3

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі 2026 жылғы 2 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады.

Болжамға сәйкес, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей аумақтарында қар жаууы мүмкін.

Осыған байланысты жүргізушілерге жолға шығар алдында сапарларын алдын ала жоспарлап, қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылады. Қысқы ауа райы жол жағдайын қиындатып, көріну қашықтығын төмендетуі ықтимал.

Мамандар жол қозғалысы кезінде келесі сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді:

  • жол жамылғысы мен көріну жағдайына сәйкес қауіпсіз жылдамдықты таңдау;

  • көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтау, күрт маневрлерден аулақ болу;

  • жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындап, барлық жол пайдаланушылардың қауіпсіздігін бірінші орынға қою.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай және енгізілуі мүмкін уақытша шектеулер туралы нақты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.