Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс: адвокат сотталушының бет-жүзінің жария болуына наразы

0 3
Оның айтуынша, қорғауындағы азаматтың бет-жүзі әлеуметтік желіде таралып, желі қолданушыларынан көптеген жағымсыз пікірлер жазылып жатыр.

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша өткен сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентайдың адвокаты сотқа өтінішхат жолдады

«Ақпарат құралдары сот отырысы басталмай тұрып, сотталушыларды түсірмеу керектігі ескертілген. Алайда Дархан Әскентайдың бейнесі ашық жарияланып отыр. Тергеу кезіндегі бейнежазбаларда да беті көлегейленбеген. Видеооператорға ескерту жасауыңызды сұраймын», – деді адвокат.

Бұл мәселеге қатысты судья Ержан Жанұзақов түсініктеме берді. Оның айтуынша, алдын ала тыңдау кезінде сотталушыларға бейнежазбаға түсіруге рұқсат беру-бермеу жайлы сұрақ қойылған.

«Мен сізге түсіндіре кетейін, бұл мәселе алдын ала сот тыңдауында қаралды. Сол кезде сотталушылардан: ‘Қайсыңыздың бейнеңізді түсіріп, көрсетуге болады?’ деген сұрақ қойылды. Сол кезде төрт сотталушы ғана «Бізді көрсетпеуіңізді сұраймын деп» айтты. Қалған сотталушылар, соның ішінде Әскентай бет-жүзін көрсетуге қарсылық білдірмеген. Сондықтан сот сол сот тергеуі кезіндегі бейнежазбаларды, яғни, қарсылық білдірген сотталушылардың қатысуынсыз жүргізілген бейнежазбаларды көрсетуге шешім қабылдады», — деп түсіндірді судья Ержан Жанұзақов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.