Тағы бір өңірдің ардагерлеріне 5 млн теңгеге дейін төлем беріледі

Маңғыстау облысында 2 ардагерлер Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алады

0 29

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге қандай төлем берілетіні жайлы редакциямызға айтып берді.

Мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде Екінші дүниежүзілік соғысының 2 ардагері бар.

Биыл әкімдік Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге жергілікті бюджеттен 5 млн теңгеден төлемдер жоспарлап отыр. Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне теңестірілген 100 ардагерге – 60 АЕК (235 920 теңге) төлемдер қарастырылған, — деп жауап берді басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Төлеуов.

Бұған дейін Ақмола облысының және Түркістан облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатынын жаздық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.