Жаңалықтар

Ұлытау облысындағы шахтада төтенше жағдай болды: жеті адам өлі табылды

Бұл туралы Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты. «ТЖМ мәліметінше, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніште іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Бұл туралы Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.

«ТЖМ мәліметінше, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніште іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, барлық жеті жұмысшының денесі жер бетіне шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылған. ТЖМ жедел штабында ашылған жедел желіге осы уақытқа дейін 23 қоңырау түскен.

Бұған дейін ТЖМ авариялық-құтқару қызметтері алты жұмысшының денесін тапқанын, жетінші жұмысшыны іздеу жалғасып жатқанын хабарлаған болатын.

Ұлытау облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *