ҰҚК: Қазақстан–Ресей шекарасындағы бірнеше өткізу пунктінде қозғалыс шектелуі мүмкін

0 6

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар өткізу пункттерінде көліктердің өтуінде қиындықтар болуы ықтимал екенін хабарлады.

Атап айтқанда, шектеулер Қостанай облысындағы «Желқуар», «Аят», «Обаған», «Ақбалшық» және Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қызыл жар» автокөлік өткізу пункттерінде орын алуы мүмкін.

Мұндай жағдай Ресей тарапының «Мариинский», «Николаевка», «Звериноголовское», «Воскресенское» және «Казанское» бекеттерінде 2025 жылғы 15 тамыздан бастап жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.

«Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала түзетуді сұраймыз. Басқа пункттер қалыпты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер жоқ», – делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.