Жамбыл ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтті

0 6

2026 жылғы 12 маусым күні Жамбыл ауданында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, әділет органдарының заңгерлері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас мамандары қатысты.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу, құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызметтерді алу және басқа да құқықтық мәселелер бойынша сауалдарын қойып, мамандардан жан-жақты кеңес алды.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға және мәселелерді жергілікті жерде шешуге мүмкіндік береді.
Халықпен ашық диалог орнатуға бағытталған іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
#АдалҚоғам #ҚоғамдықҚабылдау #ЖамбылАуданы #ҚұқықтықКөмек #МемлекеттікҚызмет #ЖамбылОблысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.