Жамбыл облысы пияз экспорты бойынша көш бастап тұр
Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 458,5 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жетті. 3,3 млн тонна өнім, оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Қант қызылшасы алқабының 88,1%-ы жиналып, 207 мың тонна өнім алынды.
«Мал шаруашылығында ет өндірісі 2,7%-ға, сүт — 1,6%-ға артты. 888 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, оның ішінде 400 мың тонна пияз. Пияз экспорты бойынша облыс көшбасшы болуда», — деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2025 жылы 3,2 млрд теңгеге 437 жоба қаржыландырылды.