Жамбыл облысы Қазақстанды стратегиялық маңызы бар химия өнімдерімен 100% қамтамасыз етіп отыр

0 49

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің бүгінгі даму барысын таныстырып, негізгі көрсеткіштер мен жаңа өсу нүктелеріне тоқталды. Облыстың жалпы өңірлік өнімі 7,9%-ға өсті. Осы жылдың 10 айында қысқамерзімді экономикалық өсім 109,8% деңгейінде қалыптасты.

«Жыл басынан бері өңірде 1,1 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды. Өнеркәсіп өсімі бойынша Жамбыл облысы республикада 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінде – 5-орында. Жалпы өндіріс көлемінің шамамен 63%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі», — деді спикер.

Оның айтуынша, өңір республика бойынша көшбасшылық позициясын берік ұстап тұр: мұнда Қазақстанда өндірілетін натрий триполифосфаты, натрий цианиді, аммофостың, сары фосфордың 100%-ы және қанттың 40%-ы өндіріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.