Жеңістің 80 жылдығы: Сотталғандар арасында спорттық шара ұйымдастырылды

0 3
Іс-шараның басты мақсаты – ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығына сәйкес, бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбие жұмысын жүргізу

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты-/58 мекемеде Жеңістің 80-жылдығы қарсаныңда жазасын өтеушілер арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды

Оны Жамбыл облысы 58-мекеменің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығының м.а. әділет майоры М.Бекхожаев және осы бөлімінің жасақ бастықтары бірлесіп өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығына сәйкес, бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбие жұмысын жүргізу, олардың адамгершілік қасиеттерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Осы мақсатта сотталғандар арасында қол күресі, 100 метрге жүгіру, ең үздік қабырға газеттері,гір тасын көтеру сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

Жарыс сотталғандарға оң әсерін тигізіп, олардың белсенді өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттырды. Жүлделі орын иеленген қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың қайта әлеуметтенуіне ықпал етіп, олардың тәртібі мен моральдық ұстанымдарын жақсартуға көмектеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.