Қазақстан көбіне ресейлік жұмысшыларды жалдайды
Бұл туралы Ресей басылымы хабарлады. Былтыр көрші ел азаматтарының шетелдегі жұмысқа қатысты алған шақыртуларының саны 33,6%-ға артқан.
Ресейлік мамандарды жиі жұмысқа шақырған елдер арасында Беларусь (22%, 172,3 мың шақырту), Қазақстан (20%, 150,9 мың), Грузия (9%, 69,7 мың), Түркия (9%, 67,8 мың) және Өзбекстан (7%, 57,2 мың) тізімді бастап тұр.
Сату менеджері, бағдарламашы және колл-орталық операторлары, дизайнерлер, маркетинг бойынша менеджерлер, интернет-маркетологтар сияқты мамандықтар сұраныста болған.
Оларға 51,7 мың рубльден бастап (270 мың теңге) 226 мың рубльге дейін (1,2 миллион теңге) жалақы ұсынылған.