Бөрібай Жексембин: Қазақстанда алғашқы химия зауыты Таразда ашылды

0 32

Жамбыл облысының құрылғанына биыл 85 жыл толды. Осыған орай Жамбыл облысын 2004-2010 жылдары басқарған Бөрібай Жексембин Sert-inform подкастына сұхбат берді. Облыстағы ілкімді істер мен ірі өндіріс орындарының қалай пайдалануға берілгені жайында айтып берді. Мәселен Қазақстанда ең алғашқы химия зауыты Тараз қаласында ашылған.

— Сонау 50-ші жылдары Жамбыл облысында бірінші химия зауыты салынды. Бұл — Жамбыл облысы үшін үлкен саты болған. Себебі, ол Қазақстандағы алғашқы химия зауыты болды. Химия өндіру Жамбыл өңіріне үлкен үрдіс берді. Зауытқа жұмысшылар тартылды. Одан бөлек, өңірде институттар ашылды. Тағы бір серпіліс – өңір үлкен электр қуатын пайдаланды. Яғни ГРЭС салынды,- деді Бөрібай Жексембин.

Одан бөлек мемлекет және қоғам қайраткері Жамбыл облысының мүмкіндігі бұдан да жоғары екенін атап өтті.

— Болашақта Жамбыл облысы тек қана химия өндіріп қана қоймай, Ақбақай алтын-кен орны сияқты өндірістік өнеркәсіп жағына көшуіне толық мүмкіндік бар деп есептеймін,- деді экс облыс әкімі.

Толығырақ сілтемеге өтіңіз

Leave A Reply

Your email address will not be published.