Жаңалықтар

Елордада көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасады. Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасады.

Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көпбалалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына табысталды, 5 пәтер тапсыру сатысында, — делінген ақпаратта.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *